Жүктелуде...
 

Жасөспірімдерден депрессияны қалай анықтауға болады және ол қалай емделеді

Сіздің ересек балаңыз өте ашуланшақ болып жүр ме? Бұл жай ғана көңіл-күйдің жоқтығынан ба, әлде басқа нәрсе ме? Жасөспірімдердің көпшілігі өздеріне тән бірнеше күндік көңіл-күйдің кенеттен өзгеруінен кейін тез өз қалпына келіп жатады. Алайда, бірнеше аптаға, айлап немесе одан да көп уақытқа созылған көңілсіздік, күйзеліс сезімі баланың депрессияға ұшырағанын білдіреді.

Жасөспірімдерден депрессияны қалай анықтауға болады және ол қалай емделеді

translator жексенбі қараша 15, 2020


15 11 2020

Сіздің ересек балаңыз өте ашуланшақ болып жүр ме? Бұл жай ғана көңіл-күйдің жоқтығынан ба, әлде басқа нәрсе ме? Жасөспірімдердің көпшілігі өздеріне тән бірнеше күндік көңіл-күйдің кенеттен өзгеруінен кейін тез өз қалпына келіп жатады. Алайда, бірнеше аптаға, айлап немесе одан да көп уақытқа созылған көңілсіздік, күйзеліс сезімі баланың депрессияға ұшырағанын білдіреді.

Депрессияға ұшыраған жасөспірімдерде мектепте түрлі проблеманың орын алуы, құрдастары арасында және отбасында жанжалдың туындау қаупі жоғары келеді. Тіпті өз-өзіне қол жұмсау қаупі туындайды. Депрессияны ерте анықтау және емдеу оның келеңсіз салдарын болдырмауға көмектесуі мүмкін екендігі дәлелденген.

Депрессия – бұл кәдімгі сырқат

Депрессияға ұшыраған жасөспірімдер, сондай-ақ олардың ата-аналары өп жағдайда мұндай мәселелер тек өздерінде ғана бар деп ойлайды. Алайда, жасөспірімдердің басым бөлігі депрессияға ұшырап, қиындықты өткереді екен. Қатты алаңдатушылық тудыратын нәрсе: орта есеппен әрбір бесінші жоғары сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлануы.

Депрессия емделеді. Бұл өзі кеңінен таралған психологиялық ауру. Осы саладағы көбейіп келе жатқан ғылыми дәлелдер депрессияның нейробиологиялық мәселе екенін айқындайды. Генетикалық факторлар және уайым мидағы нейротрансмиттердің, мидың нейрондық торлары мен нейропластикасының өзгеруін, сондай-ақ гормоналды реттелудің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Неге назар аудару қажет

Депрессияның себептері әртүрлі болуы мүмкін. Жасөспірімдердің өміріндегі үлкен өзгерістер ( мысалы: өзге қалаға көшу немесе ата-анасының ажырасуы) олардың ойлары мен көңіл-күйіне әсер етуі ықтимал. Күйзеліс, гормондар өзгерісі мен ұйқының аздығы мәселені одан сайын қиындата түседі.

Депрессия көбінесе мінез-құлықтың өзгеруіне әкеледі. Жасөспірімдер ортадан оқшауланып, күн өткен сайын ашуланшақ немесе жабыраңқы күйде болуы мүмкін. Сондай-ақ мектептегі үлгерімі де нашарлауы да ықтимал.

Ата-ана бұл жағдайда баланың ұйқысы, тәбеті және де зейін қоюының өзгергенін байқай алады. Өзін-өзі бағалау және өзіне деген сенімділіктің төмендеуі мүмкін. Тіпті алда-жалда жасөспірімдер өздеріне қол жұмсауы туралы ойлауы да мүмкін.
Тамақтанудың бұзылуы, мазасыздық және токсикомания да депрессиямен қатар жүруі мүмкін. Мұндай жағдайларда жасөспірімдер шынайылықтан ажырау, сандырақтау немесе жайбасарлықпен зардап шегуі мүмкін.

Ең бастысы, бұл жерде сіз жасай алатын нәрсе – жасөспірімнің бойында қандай да бір өзгерістердің байқала бастағанын уақытында анықтау. Бұл жерде кәсіпқой маман-дәрігерлерден ақыл кеңес сұрау ешқашан да зиянын тигізбейді.

Балаңыздың дәрігері депрессияны тудыруы мүмкін кез-келген денсаулыққа қатысты мәселелердің алдын алып, қажет болған жағдайда балаңызды психолог, психотерапевт мамандардан кеңес алуға жібереді. Психотерапиялық кеңестер және қажет болған жағдайда дәрі-дәрмекпен емдеу жасөспірімдер үшін өте тиімді. Тіпті депрессиядан айғудан күдер үзген жасөспірімдердің де жағдайы жақсарар еді, егер олар:

- өздерінің көңіл-күйі мен сезімдерін түсініп, басқара бастаса;
- позитивті ойлауды үйренсе.

Егерде депрессияға қарсы дәрілер қажет болса, жасөспірімдер үшін қауіпсіз және тиімді деп саналатын бірнеше түрлері бар.

Бұл ретте ата-аналар жасөспірімдерге депрессияны жеңуге көмектесу үшін келесі қадамдарды жасай алады:

1. Адал болыңыз. Балаңызға нақты аурумен күресіп жатқанын және осы дертті жеңуге болатындығын айтыңыз.

2. Сабырлыққа үйретіңіз. Балаңызға өзін жақсы сезінуіне және біршама уақытты қажет ететін емделуге шыдамды болуын ескертіңіз.

3. Жақсы әдеттерді насихаттаңыз. Күнделікті жаттығулар (тіпті жаяу жүру), уақытында ұйықтау, табиғатты тамашалау, пайдалы тағамдарды түұтыну – осының бәрі депрессияға қарсы күресуге көмектеседі.

4. Ашықтыққа шақырыңыз. Балаңызға өз сезімін бүкпесіз білдіруге мүмкіндік беріңіз. Егер сіз оның шешімдерімен немесе іс-әрекеттерімен келіспейтін болсаңыз, бұл жайында оған жайлап түсіндіруге тырысыңыз.

5. Түгел отбасымен бірге қолдау көрсету қажет. Балаңыздың өзін жақсы көріп қолдайтын, көңілін көтере алатын туыстарымен, аға-тәтесі, ата-әжесімен бірге болуы үшін уақыт бөліңіз.

6. Белсенділікке үйретіңіз. Сіздің балаңыз өз қатарымен оңай тіл табысып, достарымен бірге уақытын көңілді өткізу үшін не істеу керектігін түсіндіріңіз.

7. Достық жайлы сөйлесіңіз. Балаңызға достарды ажырата білуін, достың жақсысы және жаманы болатынын, қарым-қатынастағы проблемалар мәңгілік емес, уақыт өте қалыпқа келетінін айтыңыз. Достар қиын кезеңде қолдау көрсететіні сөзсіз, алайда депрессия кезінде көмектесуге өте тиімді әдістер қажет болады.

Бала депрессияға ұшыраған жағдайда ата-ана нақты не істей алады? Балаңызға салауатты өмір салты мен өзін-өзі күту үлгісін жасауыңыз керек. Ең бастысы, балаңыз сіздің кеңесіңізден гөрі әрекетіңізден көп нәрсені үйренетінін ұмытпаңыз.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау