Алкоголь мидың көлемін кішірейтеді

translator Сейсенбі қаңтар 29, 2019

25 мақала

Адам жасөспірім кезеңінде алкоголь тұтынса зат алмасупроцесі өзгеріске ұшырайды екен, ал кейбіреулерде мидағы сұр заттың мөлшері кішірейетін көрінеді. Бұл әсіресе, зиянды ішімдік ішетін жас әйелдерге қатысты болып келеді. Шығыс Финляндия университетінің ғалымдары, алкогольді тіпті қанша аз тұтынғанның өзінде адам миының көлемі кішірейетінін анықтады. 10 жыл бойы ішімдікті тым көп ішетін жасөспірімдерге зерттеу жүргізілді. Бұндай жасөспірімдердің миында 1-метилхистаминдердің концентрациясы жоғары болады, бұл зат алькогольге қарсы (өзіндік қорғанудың бір түрі) ретінде шығарылады. Алайда Шығыс Финляндиядан келген Нур Хайккиненнің айтуынша, таяқтың екі ұшы болатыны секілді, бұл зат мидың көлемін кішірейтіп отырады екен.

Жалпы қаншалықты спирт миды кішірейте алады? Бұл сұрақ жоба ғалымдарын одан сайын іздеруге құлшындырды, содан, жастар арасындағы ішімдікті көп ішетіндер мен аз ішетіндерді салыстырмалы түрде тексеріп көрді. Олардың миына магнитті резонансты бейнелеу (МРТ) арқылы зерттеу жүргізді. Зерттеулердің нәтижелері таң қаларлық болды: тіпті алкогольді ішімдікті сирек кездерде ішетін жастардың миында да сұр заттың көлемі кішірейеді екен.

Осылайша, ғалымдар алкогольден туындаған жағымсыз факторларды ерте кезеңдерде анықтау мен емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуге үлкен мүмкіндіктер ашты.

Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.

Тегтер Алкоголь Ішімдік Денсаулық Зерттеу


Permalink: http://mail.balaman.kz/incl/tiki-view_blog_post.php?postId=26