Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары


Жалпы ақпарат

Жалған подагра – артриттің ұстамасы пайда болуымен сипатталатын буындардың ауруы. Подагра кезіндегідей, буында кристалдар түзіледі. Алайда, жалған подаграда кристалдар несеп қышқылынан түзілмейді.

Aag


Себептері

Жалған подагра кальций пирофосфаты крситалдарының (КПФК) жинақталуы салдарынан пайда болады. Буында осы тұздың жиналуы оларда кристалдар түзілуіне ықпал етеді. Осының салдарынан тізеде, білекте, тобықта және басқа буындарда ісіну, ауырсыну ұстамасы пайда болады.

Жалған подагра бір буында кенеттен жіті артриттің пайда болуының жиі себебін құрайды, көбінесе, егде жастағы адамдарда.

Жалған подагра негізінен, егде жастағы адамдар арасында кездеседі. Дегенмен, кейде келесі аурулары бар жас адамдарда да кездеседі:

  • Акромегалия
  • Гемохроматоз
  • Охроноз
  • Қалқансерік безінің аурулары
  • Қалқанша бездің аурулары
  • Вильсон ауруы


Жалған подаграның симптомдары телімді болмағандықтан, оны келесі аурулармен жиі шатастырады:

  • Подагралық артрит (подагра)
  • Остеоартроз
  • Ревматоидтық артрит



Симптомдары

  • Буындағы ауырсыну ұстамасы және буынның маңайында сұйықтықтың жиналуы оның ісінуіне апарады.
  • Созылмалы (ұзақ созылатын) артрит


Аурудың ұстамаларының арасында ауру симптомдарсыз өтеді.


Диагностика

Буынның сұйықтығын талдау кезінде лейкоциттер және кальций пирофосфатының кристалдары анықталады.
Буынның рентгенінде буынның зақымдануы және буындық кеңістікте кальций тұздарының жинақталуын анықтауға болады.

Буында анықталған кристалдарды мұқият зерттеу дәрігерге бұл ауруды анықтауға көмектеседі. Буында ауырсынуы болатын көптеген аурулар бірдей дәрілермен (стероидты және стероидты емес қабынуға қарсы препараттар) емделетіндіктен, диагноз қате қойылса да, сіз дұрыс емделе аласыз.


Емдеу

Емдеуге буындағы қысымды азайту үшін сұйықтықты алып тастау кіреді. Ине буын маңайындағы кеңістікке енгізіледі, ал сұйықтық сорылып алынады (аспирация).

Буынның күшті ісінуін емдеу үшін стероидтардың инъекциясы тағайындалады. Бірнеше буын зақымданса, ішуге арналған стероидтық препараттар тағайындалады.

Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (НПВП) ауырсыну ұстамаларын жеңілдетуге көмектеседі. Кейбір науқастарға колхицин тағайындалуы мүмкін.


Болжамы

Сәйкес емдеуде оң болжамды.


Мүмкін асқынулары

Емдеу болмаса, буынның қайтымсыз зақымдануы дамуы мүмкін.


Қашан дәрігерге көріну қажет

Буында ісіну немесе ауырсыну ұстамасы болса, дәрігерге көрініңіз.


Алдын алу

Бұл аурулардың алдын алу шаралары жоқ. Алайда, жалған подаграға ықпал ететін басқа аураларды емдеу аурудың барысын жеңілдетеді, және ауруға шалдықпаған науқастарда оның алдын алады.


Синонимдары

Кальций пирофосфаты кристалдарының жинақталу ауруы; КПФК ауруы.